Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстанның ең қарт тұрғыны 127 жасында өмірден өтті (фото)

Опубликовано:

Тәжікстандық үш ғасырды көрген әжей Фотима Мирзокулова 127 жасында қайтасы болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ховарға" сілтеме жасап.

Фото: khovar.tj
Фото: khovar.tj: Facebook

Соғды облысы, Шайдон Ашт ауданы, Дахана джамоата ауылының тұрғыны Фотима Мирзокулова 1893 жылдың 13 наурызында өмірге келген.

Әжейдің туыстарының сөзінше, ол бүкіл ғұмырында аудандағы ұжымшарда жұмыс істеген. Өмірге бес қыз, үш ұл баланы әкеліп, тәрбиелеген.

Еңбекққор кісі зейнетке шыққан соң да үйде отырмай, мақта жинау маусымында өзгелермен бірдей еңбектенген.

БАҚ таратқан мәліметтерге сәйкес, Фотима әжей өздігімен қозғалып, ешқашан денсаулығына шағым айтпапты. Екі жыл бұрын Дахана ауылында жақындары мен бала-шағасыының ортасында қарияның 125 жас мерей тойы атап өтілген.

Тәжікстан республикасы президентінің атқарушы аппаратының өкілдері жыл сайын Аналар күнінде Фотима Мирзокуловаға арнайы барып, құттықтап келіпті.

"Фотима әжейдің 200-ге жуық немере, шөбере және шөпшегі бар. Ол кісі 19, 20, 21, үш ғасырды, сондай-ақ үш тарихи кезең - патшалық Ресей, Кеңес Одағы және, сайып келгенде, тәуелсіз Тәжікстанды көрген", - дейді Ашт ауданы мемлекеттік биліктің атқарушы органы.

Фотима Мирзокулова өз туған жері Кахроман ауылына жерленген.

Айта кетсек, бұған дейін әлемдегі ең қарт жапониялық әже Канэ Танака 117 жасын тойлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1838614-tzikstanny-e-kart-trgyny-127-zasynda-mirden-tti-foto/

pixel