RU

Ресейде дене қызуы көтерілген жасөспірім көз жұмды

Ресейдің Челябі қаласындағы мектептердің бірінде 13 жастағы қыз дене қызуы көтеріліп, көз жұмды. Қайғылы оқиғадан кейін қаладағы барлық мектептерді карантиге жабу туралы шешім қабылданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Ресейде дене қызуы жоғарылаған жасөспірім көз жұмды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

13 жастағы жасөспірім қыз 24 қаңтар күні ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бірнеше сағат бойы оның өмірі үшін күресті. Алайда мектеп оқышусын аман алып қалу мүмкін болмады.

Болжам бойынша, жасөспірім тұмаумен ауырған кезде пайда болған асқынулардың салдарынан көз жұмған.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқаты саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметі сарапшылары мұны эпидемияға дейінгі жағдай деп бағалауда. Соңғы апта ішінде ЖРВИ мен тұмаумен ауырғандар саны 22%-ға өскен.

Әлеуметтік желі қолданушылары Челябіде коронавирус анықталды деген болжам жасады, бірақ аймақтық денсаулық сақтау министрлігі мен Роспотребнадзор бұл ақпаратты растамады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде Оралда тұмаудың салдарынан екі сәби көз жұмды деген хабарлама тараған.

Алайда БҚО денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Мамандардың сөзінше, аймақта расымен де көптеген адамдар вирустық аурумен ауырып, жоғарғы дене қызуына шағымданып жүр. Дегенмен, тұмаудан қайтыс болғандар жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1838620-resejde-dene-kyzuy-kterilgen-zasspirim-kz-zmdy.html