RU

Қарағанды облысында үш жігіт мешітте қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысының Ақтоғай ауылындағы орталық мешіт ішінде үш бірдей азамат иіс тиіп, көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Марқұмдардың жасы 20-дан енді ғана асқан. Бірі сол мешіттің от жағушысы болса, тағы екеуі ауыл тұрғындары.

Олар 28 қаңтар күні түс ауа Алла үйіне келген. Боран салдарынан жарық сөніп қалып, жылыту пешін дизельді генератор арқылы іске қосып, ұйықтап қалған.

Сұлық жатқан жігіттерді мешіт жамағатының бірі көріп, хабарлаған. Ауруханаға жеткізілгенімен алайда жігіттер есін жимаған.

"Мешітте сұлық жатқан үшеуін өз көлігімен ауруханаға жеткізген жергілікті азаматтың айтуынша, жігіттер уланып қалған. Ауруханаға әкелгенде олардан биологиялық өлім белгілері байқалған. Сондықтан ешқандай медициналық көмек көрсетілмеді. Нақты себебін сот-медициналық сараптама нәтижесі анықтайды", - дейді ахуалдық орталық меңгерушісі Ерік Шонбаев.

Еске сала кетсек, 8 қаңтарда Қаскелеңдегі көпқабатты үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, оқиға орнында 10 жасар бала мерт болды.

Тағы жеті адам түрлі жарақат алған. Олардың ішінде үшеуі бала.

Сондай-ақ, аталған оқиғадан соң 81 жастағы қарияның да көз жұмғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды облысында үш жігіт мешітте қайтыс болды
Mailfire view pixel