Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығын білгісі келіп тұрады": Жанна Орынбасарова жеке өмірі жайлы сыр шертті

Опубликовано:

Эстраданың талғампаз әншісі Жанна Орынбасарованы бүгінде қалың көрермен актрисалық талантын байқап үлгерді. 60 бөлімнен тұратын "Қыз қиялы" криминалды драмасының басты рөлін сомдаған әнші бұл туындыға қалай келгенін баяндап берді. Джаз өнерінің ханшайымы жеке өміріне қатысты да мәліметпен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ zhannaorynbasarova
Фото: Instagram/ zhannaorynbasarova: Twitter

Орынбасарова бала күннен актриса болуды армандаған. Әнші ретінде елге танылған кейін, Жаннаны киноға тағдырдың өзі жетелеп әкелген. Алайда түсірілімнің қызығы мен шыжығы, өзіне жат графигі көп ұзамай әншінің көз жасын төгуіне себеп болған.

"Мені, әрине продюсер шақырды, шақырған кезде осындай-осындай роль болады. Өзіңді көріп қарайсың ба деген ұсыныс болды. Бір аптадан кейін режиссерға келдім да айттым, мен шаршап қалдым. Сол кезде кішкене жылап алдым сол жерде кәдімгідей, көзіме жасым келіп шаршап қалдым расымды айтсам", - дейді ол.

Сондай-ақ, актриса фильмге түскенін сынайтындарға да жауап берді.

"Кейбір актерлар осы әншілерге не жоқ киноға түсіп, ешқандай білімдері жоқ деп айтады. Мен ешкімнің бәйбішесі емеспін, ешкімнің тоқалы емеспін", - деген Жанна ханым жеке өміріне қатысты сұрақты да жауабсыз қалдырмады.

Белгілі болғандай әншінің марқұм жарынан бүгінде бір қызы бар. Алайда өнер иесі қанша жыл өтсе де, баласына әке, өзіне адал жар болатын жанды кезіктірмепті.

"Мен түсінемін, халық кіммен тұрады, кімі бар, кімі жоқ - барлығын білгісі келіп тұрады. Күйеуің жоқ екен деп жылай бермейсің ғой. Бірақ егер де Құдекең маған бір адамды көрсетіп, осы адам саған келеді-ау деген жағдай болып жатса, әрине мен қарастырамын", - дейді Жанна Орынбасарова.

Айта кетейік, "Шудың бойында" хитінің орындаушысы Ахан Отыншиев "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұхбат беріп, бір ажалдан аман қалғанын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838632-barlygyn-bilgisi-kelip-trady-zanna-orynbasarova-zeke-miri-zajly-syr-sertti/

pixel