Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлия Назарбаева отбасылық суретімен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы жанұясымен түскен суретін жариялады. Аталмыш фотода Әлия Назарбаева күйеуі мен екі қызымен бірге тұр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aliya_nazarbayeva_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aliya_nazarbayeva_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Назарбаева отбасылық суретімен Instagram желісінде бөліскен. Фотода Елбасының қызы жолдасы Димаш Досановпен және екі перзентімен бірге шырша маңында тұрғанын көруге болады.

"Егер адам бойына ата-анасының махаббатын сіңірген болса, біреуді сүйіп, біреудің сүйіктісі болу - оның тағыдыры болмақ. Сурет отбасылық мұрағаттан" , - деп жазды Әлия Назарбаева.

Тұңғыш президенттің кенже қызы бұған дейін желіде анасымен және әпкелерімен түскен мұрағаттағы суретті көрсеткен болатын.

Оған қоса, Әлия Назарбаева желіде әкесі жайлы жазба жариялап, оның тегінде жүргенін мақтан тұтатынын жеткізген еді.

Елбасының қызы қазақстандықтарды мереке күндерімен құттықтап тұруды да ұмытпайды.

Мәселен ол 21 қаңтар күні барша отандастарын құшақтасу мейрамымен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді.

Әлия Назарбаева көпшілікті ішіндегі сезімдерді жасырмай, керісінше оларды айтып үйренуге шақырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838640-lia-nazarbaeva-otbasylyk-suretimen-blisti-foto/

pixel