Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқ ұрған": Семейде телефонмен ойын ойнаған үш жасар бала қолын күйдіріп алды

Опубликовано:

Семей қаласында ұялы телефонмен ойын ойнап отырған үш жасар бала қолын күйдіріп алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, кеше түс кезінде жедел жәрдем кезекшісінен қолының білезігін күйік шалған 2016 жылы туған бала жеткізілгені туралы ақпарат түскен.

"Қуаттауышта тұрған телефонмен ойын ойнаған бүлдіршінді тоқ ұрған. Осының салдарынан оның оң қолының буыны күйіп қалды. Дәрігерлердің тексеруінен соң бала үйіне қайтарылды", - делінген ведомство мәліметінде.

Осыдан бір күн бұрын Степной ауылының екі тұрғыны ыс тиіп, ауруханадағы токсикология бөліміне жатқызылған. Анықталғандай, бұған тазаланбаған мұржа себеп болыпты. Төтенше жағдайлар бөліміндегілер тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Еске сала кетсек, Шымкентте үш жасар бала ойнап жүріп аулада тұрған кір жуғыш машинаға түсіп кетіп, қайта шыға алмай қалғаны хабарланған.

Баланың ата-анасы өздері шығара алмаған соң, ТЖД құтқару қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына келген төрт құтқарушы темір кесетін қайшыларды қолданып, балақайды шығарып алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838650-tok-rgan-semejde-telefonmen-ojyn-ojnagan-s-zasar-bala-kolyn-kjdirip-aldy/

pixel