Выйти
RU

Ресей коронавирусқа байланысты Қиыр Шығыстағы шекарасын жапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус тарауының алдын алу үшін Қиыр Шығыстағы шекараны жабу туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РИА Новостиге" сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мишустин бұл жайында үкімет отырысында айтты. Бірақ, құжат әлі жарияланған жоқ.

Әзірге толық мәлімет те айтылмады. Ресей Қиыр Шығыста Қытаймен, Жапониямен, ҚХДР және АҚШ-пен шектесіп жатыр.

Сондай-ақ, Мишустин вице-премьер Татьяна Голиковаға халыққа алдын алу шаралары жөнінде күнделікті ақпарат ұсынуды тапсырды. Жуырда Голикова профильді жедел штаб басшылығына келді.

Айта кетейік, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Cоңғы мәліметтер бойынша, аспан асты елінде коронавирустан қаза тапқандардың саны 170 адамға жетті.

Өлімге әкелетін коронавирусты жұқтырған науқастардың тез өсуіне байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиналыс өткізу туралы шешім қабылдады.

Ал 3 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты Қытаймен әуе қатынасы тоқтатылады. Осылайша, Қазақстан билігі аурудың республика аумағында таралуын алдын алуды көздеп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресей коронавирусқа байланысты Қиыр Шығыстағы шекарасын жапты