Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қанша айлық алады

Опубликовано:

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов мәжіліс кулуарында өз жалақысына қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Дәуешов. Фото: Ақорда
Марат Дәуешов. Фото: Ақорда: Facebook
"Менің Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары ретінде алатын жалақым 700 мың теңгені құрайды", - деді Марат Дәуешов.

Алайда шенеунік өңірлердегі жоғары лауазымды және қатардағы мемқызметкерлер орташа есеппен қанша айлық алатынын айта алмады.

Дәуешовтің сөзінше, бүгінде шенеуніктерге арналған әлеуметтік пакет енгізу мәселесі пысықталып жатыр.

"Бұл мемқызметкерлер зейнетке шыққан соң соңғы жалақысына тең зейнетақы сұрай алатынын білдіреді. Өзіміз білетіндей, Германияда ол соңғы жалақының 70 пайызы. Бірақ, мұнда мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігіне қарау қажет", - дейді Дәуешов.

Айта кетейік, елімізде зейнетақы жинағынан мерзімінен бұрын ақша шешіп алуға белгіленген меже төмендетілуі ықтимал. Енді 30 жастағы азаматтарға жинақта 6 миллион 700 мың теңгеден кем болмауы керек. Алдыңғы жолы бұл 8 миллионнан асатын.

Белгілі болғандай, алдағы екі ай көлемінде арнайы жұмыс тобы қазақстандықтардың баспана алуға немесе оқуын төлеуге зейнетақы қорларынан қаржы пайдалану механизмін әзірлейді. Егер зейнетақы қорындағы қаржы мөлшері тиісті сомада болса, жұрт жинағын ем-домға да жұмсай алады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1838673-memlekettik-kyzmet-isteri-agenttigi-tragasyny-orynbasary-kansa-ajlyk-alady/

pixel