Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұрақтарға орыс тілінде жауап берген шенеунік мәжіліс депутатынан сөз естіді

Опубликовано:

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов барлық сұраққа орыс тілінде жауап берген мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешовті сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: 53news.ru
Көрнекі фото: 53news.ru: Depositphotos

30 қаңтарда мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстырған.

Агенттік төрағасының орынбасары Марат Дәуешов баяндамасын қазақ тілінде оқып шыққанымен, сұрақтарға орыс тілінде жауап берген.

Алайда Дәуешовтің мемлекеттік тілде сөйлемеуі мәжілісмен Берік Дүйсембиновтің шамына тиген.

"Сіз жауабыңызды жүз пайыз орыс тілінде беріп тұрсыз. Мемлекеттік қызмет агенттігі төрағасының орынбасарысыз. Отыз жыл бұрын тәуелсіздік алған елде орысша жауап беріп тұрсыз. Ертең осы жастардың тіл мәселесі қалай шешіледі. Мемлекеттік қызметте қазақ тілін білу-білмеу мәселесі қалай қабылданады?
Әлде, біз тағы шала қазақ жастарды болашақта жұмысқа аламыз ба? Өйткені 2030 жылы еліміздің жастарының 80-90 проценті ана тілінде сөйлейді деп күтіліп отыр. Осыған не деп жауап бересіз?", - деді Дүйсембинов.

Депутаттың бұл сауалынан залда отырғандардың кейбіреуі қол шапалақтаса, Марат Дәуешов мәжілісменнің бұл сұрағын жауапсыз қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін Марат Дәуешов мәжіліс кулуарында жалақысына қатысты сұраққа жауап беріп, айына қанша айлық алатынын мәлім еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838677-sraktarga-orys-tilinde-zauap-bergen-seneunik-mzilis-deputatynan-sz-estidi/

pixel