Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Кездесу кезінде Ғалымжан Пірматов Мемлекет басшысына уран өндіруші компанияның 2019 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары және оны дамытуға арналған алдағы жоспарлары туралы баяндады.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы ұжымдық басқару, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері компания жұмысының басым бағыты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания өзінің өндірістік және қаржылық мақсаттарын табысты жүзеге асыруының арқасында әлемде уран сату бойынша қатарынан екінші жыл көшбасшылық орнын сақтап қалғаны жайында мәлімет берілді.

Айта кетейік,мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838698-tokaev-kazatomnerksip-ak-ak-baskarma-tragasyn-kabyldady/

pixel