RU
Коронавирустан көз жұмғандардың саны 213-тен асты

Коронавирустан көз жұмғандардың саны 213-тен асты

Рассказать Вконтакте

Қытайда коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар саны 9 390 адамға жетті. Сондай-ақ 213 адамның вирустан қайтыс болғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустан көз жұмғандардың саны 213 адамнан асты

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Жаңа мәліметтерге сәйкес, Хубейде кісі өліміне әкеп соғатын вирустан 204 адам көз жұмған.

Айта кету керек, қала ауруды жұқтырғандардың саны бойынша әлі де көш бастап келеді. Онда алты мыңнан астам науқас бар деп жазады ТАСС қытайлық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қытай астанасында қазірдің өзінде 121 инфекция фактісі тіркеліп, вирустың салдарынан бір адам қайтыс болған.

Ал Ресей Федерациясымен шекаралас провинцияда 44 науқас анықталды, олардың екеуі көз жұмды.

Айта кетейік, күні кеше коронавирустан қаза тапқандардың саны 170 адамға жеткенін хабарлаған едік.

Ал елімізде коронавирус жұқтырды деген күдікпен 38 адам ауруханада жатқаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыдан кейін елімізде түрлі қауіпсіздік шаралары қолға алынуда.

Мәселен коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Қазақстан ҚХР арасындағы жолаушылар тасымалын уақытша тоқтатып отыр.

Айта кетсек, 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап Қазақстан мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы, 1 ақпаннан бастап екі ел арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары, 3 ақпаннан бастап жүйелі әуе қатынасы, сондай-ақ, ҚХР азаматтарына визалар беру уақытша тоқтатылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel