Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ коронавирус халықаралық маңызы бар төтенше жағдай екенін мойындады

Опубликовано:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай комитетінің отырысында ҚХР аумағында тараған кісі өліміне әкеп соғатын жаңа вирус халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ДДҰ "өлім вирусын" халықаралық маңызы бар төтенше жағдай екенін мойындады
Көрнекі фото: Getty Images / Bloomberg: Getty Images

РИА Новости-тың жазуынша, ұйым басшылығы коронавирустың кең таралып жатқанына қарамастан, Қытай билігі індетті тоқтата алады деп сенім артып отыр.

ДДСҰ мәліметінше, 30 қаңтарға дейін әлемде он мыңға жуық адам жаңа "өлім вирусын" жұқтырған. 18 елде тоқсан сегіз инфекция тіркелген.

Ауруды жұқтырған қалған адамдар Қытайда екен.

Басылымның хабарлауынша, жаңа коронавирустың кесірінен бүгінге дейін 213 адам көз жұмды, ал 1370 науқас ауыр халде жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзге елдер ауруды ерте кезеңде тануға мүмкіндік беретін қатаң шараларды қолданған жағдайда вирустың таралуын тоқтатуға болатынын айтты.

Сондай-ақ, мемлекеттер науқастарды оқшаулап, олардың байланыстарын қадағалап отыруы керек.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайда тараған коронавирустың жаңа түрін жұқтырған науқастардың тез өсуіне байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиналыс өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1838721-dds-koronavirus-halykaralyk-mayzy-bar-ttense-zagdaj-ekenin-mojyndady/

pixel