RU
Қытайлық азаматша коронавирустан қалай сауығып шыққанын айтып берді

Қытайлық азаматша коронавирустан қалай сауығып шыққанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

44 жастағы қытайлық әйел адам әлемді дүр сілкіндірген коронавирустың жаңа түрінен қалай емделіп шыққанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ ИноСМИ-ға сілтеме жасап.

Коронавирустан емделіп шыққан әйел ауру жайлы әңгімелеп берді

Көрнекі фото: pixabay.com

Өзінің тегін Цзян деп таныстырған азаматшаның айтуынша, ол ҚХР Чунцин қаласының Ушань аймағында дүниеге келген. Ал соңғы жылдары Ухань қаласында жұмыс істеп жүрген екен.

"15 қаңтар күні қытайлық Жаңа жылды қарсы алу үшін туған жеріме оралдым. Күйеуім мені күтіп алу үшін теміржол вокзалына келді. Алайда жағдайымның жақсы емес екенін көріп, бірден жергілікті халық ауруханасына жеткізді. Бірнеше күндік ем оң нәтиже көрсеткен жоқ. 21 қаңтар күні Ваньчжоу ауданындағы "Санься" Орталық ауруханасына ауыстырылдым. Ол жерде мені оқшаулау қорабына жатқызды. Дәрігерлер маған коронавирустың жаңа түрінен туындаған өкпе ісінуі диагнозын қойды", - дейді кейпікер.

Сондай-ақ, ол өзі тұратын Чунцин қаласында бұл аурумен ауырған алғашқы адам болғанын да айта кетті. Әйел адамның сөзінше, аурудан сауығып кетуіне ақ халаттылардың қамқорлығы себеп болған.

"Дәрігерлер мен медбикелер маған барынша қамқорлық танытты. Күнде вирусқа және инфекцияға қарсы ем-домдар жүргізілді. Ақ халаттылар тіпті, дәстүрлі қытайлық медицинаның кейбір тәсілдерін қолданды. Соңғы күндері жағдайым жақсарып, дәрігерлер мені шығаруға болатынын айтты", - дейді қытайлық азаматша.

Цзяньның сөзінше, емі үшін аурухана өзінен бірде бір тиын алмаған.

Аяғына тұрып кеткен бұрынғы науқас адамдарды аурудан қорықпауға, дәрігерлердің сөзіне құлақ асуға шақырды.

"Аурудың қаншалықты қорқынышты екенін сұрайтындар бар. Меніңше, ең бастысы, өзің қорықпасаң болғаны. Маңыздысы, барынша жақсы қорғану. Маска киіп, жиі қолды жуып тұру керек. Дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болса, дереу ауруханаға бару керек. Сізді оқшаулап тастайды деп қорқудың қажеті жоқ. Дәрігерлердің сөзін тыңдап, медицина қызметкерлеріне сенген абзал. Сол кезде міндетті түрде жазыласыз", - деді ол.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 213 адамға жетіп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel