RU
Коронавирустан сақтанған Моңғолия оқушыларға сабақты телеарналар арқылы өтпек

Коронавирустан сақтанған Моңғолия оқушыларға сабақты телеарналар арқылы өтпек

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Ухань қаласында бастау алған короновирустың қарқынды таралуына байланысты Моңғолияда білім беру мекемелерінің жұмысы тоқтатылып, сақтық шаралары күшейтілді. Енді мектеп оқушылары сабақты телеарналар арқылы оқиды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазіргі уақытта Моңғолияда 2 наурызға дейін барлық мектеп, балабақша, кәсіптік білім беру мекемелері мен жоғарғы оқу орындары жабылған.

Елдің білім және ғылым, спорт министрі Ёндонпэрэнлэйн Баатарбилэгтің мәліметінше, елдегі ірі 18 телеарна арқылы 1-12 сынып оқушыларына сабақ беріледі.

"Барлығы 402 рет болатын телесабақтың жалпы ауқымы 6 357 минутты, 40 пәнді қамтиды. Ол үшін ең үздік деген 170 мұғалім дайындалып жатыр. Күніне 2-4 пән әрқайсысы 10-20 минуттан үйретілетін болады", - деді министр елдегі БАҚ өкілдеріне арнап жасаған мәлімдемесінде.

Ал телесабақ ақпан айының 3-інен бастап ел көлемінде телеарналар арқылы таратыла бастайды.

Айта кетейік, ҚХР аумағында тараған коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандарың саны 213-ке жеткені хабарланды.

Ал елімізде қауіпті дертті жұқтырды деген күдікпен 38 адам ауруханада жатқаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel