Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Айнұр Ильясова бала күнінде қандай болғанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал актриса Айнұр Ильясова бала күні ақша ұрлағанын жайып салды. Өнер иесі қолды еткен қаражатын арнайы фотосессияға жасауға жаратып, өзінің арманын орындаған. Сол түсірілімінің нәтижесін актриса бүгінде желіде көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ainur_ilyasova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ainur_ilyasova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Айнұр Ильясова Instagram желісінде бесінші сынып оқып жүрген кезінде жасалған суретімен бөлісіп, сол шақта басынан өткен қызықты оқиғасын баяндады.

"Ақша ұрладым. 90-жылдар, бесінші сыныпта оқып жүрген кезім. Ол кезде ағам алтын өндіретін компанияда вахталық жұмыс істеп, ақша уыстап табатын. Пачканың ішіндегі ақша 5-10-20 теңгелік болып тұратын. Күндердің бір күнінде сол уыс ақшаға қол сұғып, ішінен 100 тенге ұрлап алдым!
Ал енді "ол ақшаны қайда жұмсадың" десіңіздерші? Көрші үйде фотоателье болатын. Арманым сол жерге барып фотосеесия жасау еді. Сол арманымды барып, жақсылап тұрып орындадым. Нәтижесі міне, алдырыңызда сүп-сүйкімді он бір жасар Айнұрдың бейнесі мәңгі сақталып қалды.
Бұл суретті 80 теңгеге жасаттым. Қалған 20 теңгеме зубная щетка мен "факел" дейтін балмұздақ алып жедім. О шіркін сол күн әлі есімде. Мен үшін бақытты күндердің бірі болып сақталып қалды. Айтпақшы, ұрлықты ешкім байқамады. Одан кейін ешқашан олай жасаған жоқпын анашым" , - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары актрисаның бала кезгі сүйкімділігіне сүйсініп, оған жарыса жылы лебізін білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекова да бала кезінде қандай болғанын көрсеткен еді. Көпшілік әнші ару кішкентай кезінде ұл балаға ұқсағанын жазған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1838732-aktrisa-ajnr-ilasova-bala-kninde-kandaj-bolganyn-krsetti-foto/

pixel