RU
Бес баласының анасына сезімін білдірген Ринат Зайытовқа ел сүйсінді (фото)

Бес баласының анасына сезімін білдірген Ринат Зайытовқа ел сүйсінді (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов желіде келіншегімен түскен суретін жариялап, жыр шумақтары арқылы оған өз махаббатын білдірген. Жұбайына деген ыстық ықыласын көрсеткен ақынға көпшілік риза болып, ерлі-зайыптыларға ақ тілектерін жаудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ринат Зайытов жары Зульфиямен түскен суретімен Instagram парақшасында бөлісті. Жеке өмірін көпке жария ете бермейтін ақынның отбасылық суретіне ел сүйсінген.

Айтыскер ақын әрдайым қасынан табылып жүргеніне бес баласының анасына алғысын айтқан.

"Қасымдасың, тасып төккен кезде қасымдасың Бастан бағым қашып кеткен кезде қасымдасың Тас жүректер тастай салып жерге сезімімді Аяғымен басып кеткен кезде қасымдасың Екеумізге көк аспан мен күн ортақ Екеумізге қуанышпен мұң ортақ Есімінді жазып қой да Мойыныма тұмар тақ" , - деп жазды Зайытов.

Желідегілер жұбайлардың аса жарасымды екенін айтып, оларға деген жылы лебізін жеткізді.

"Ринат аға Зуля апай жұптарыңыз еш уақытта жазылмасын!!!! Барлығына үлгі болар отбасы болыңыздар", "Қандай күшіт, махаббаттарыңыз баянды болсын" , "Көз тимесін, бақытты болыңыздар" , "Бастарыңыздан бақ кетпесін", "Сондай жарасымыдысыздар, сүйкімдісіздер" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Ринат Зайытов АҚШ-ты мойындатқан Димаш Құдайбергенді мақтаған болатын. Ол отандасының еңбегіне жоғары бағасын берген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel