RU
Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 10 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 10 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысы Алик Шпекбаев ведомство отырысында бұдан былай жемқорлық жайлы хабарлаған қазақстандықтарға 10 млн теңгеге дейін сыйақы төленетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар 10 млн теңге сыйақы алады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің хабарлауынша, тиісті қаулыны үкімет қабылдаған.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалары үшін азаматтарды мадақтаудың жаңа жүйесіне сәйкес, енді сыйақы сомасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріндегідей сараланатын болады.

Егер тұрғын жемқорлық фактісі туралы хабарласа, онда айыптау үкімінен кейін пара сомасының 10%-ын ала алады. Осылайша ең жоғарғы сыйақы - 10 миллион 600 мың теңгені құрап отыр.

"Жаңа ереже азаматтардың сыбайлас жемқорлықпен күреске деген ынтасын арттырады деп үміттенеміз", - деді Шпекбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев бұл жүйені қайта қарауға ниетті екенін айтқан еді.

"Егер параның сомасы 1 мың АЕК-ден (2 млн 651 мың теңге - 1 АЕК= 2651 теңге - ред.) аспаса, бұрынғы тәртіп қалады (сыйақы - ред.) Осындай тәжірибе енгізбек ойымыз бар.
Ал егер айыппұл сомасы 1 мың АЕК-ден асатын болса, параның немесе келтірілген залалдың сомасының 10%-ы төленетін болады. Бірақ бұл тек 4 мың АЕК-ден аспаған жағдайда ғана орын алмақ. 4 мың АЕК бүгінгі есеп бойынша 10,5 млн теңгені құрайды.
Мұның жоба екенін бірден айтамын. Бүгінгі таңда ол жасалып бітті және мемлекеттік органдардың талқылауында тұр", - деген еді Қабиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі брифингтерінің бірінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында "ҚазМұнайГаз" еншілес компаниясының бас директоры пара алды деген күдікке ілініп, қыруар айыппұл төлегенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel