Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Еспанов құдалықта бидің түбін түсірді (видео)

Опубликовано:

Желіде отандық танымал әнші Нұрлан Еспановтың той-томалақтарда асыр сала билеп жүрген видеосы тарап кетті. Әрбір жиында көңілді жүретін өнер иесіне желі қолданушылары сүйсінген. Ал әртістің өнердегі досы Абай Бегей, тіпті оған енді тойларға әнші емес, биші ретінде шығуына ұсыныс жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Абай Бегей Instagram парақшасында әріптесі Нұрлан Еспановтың көңілді кештердің бірінде билеп жүрген сәтімен бөліскен.

"Нұрекең құдалықтардан босамай жүр. Айтпақшы құдалықтарға биші керек болып жатса хабарласыңыздар" , - деп жазды ол.

Оған қоса, Абай Бегей жазбасының астында Еспанов әкімшісінің ұялы телефон нөмірін де қалдырып кеткен.

Ал желідегілер биді жаны сүйетін өнер иесіне сүйсініп, оған өзінің жылы лебізін жарыса білдірген.

"Керемет, ризамын осы кісіге үнемі көңілді жүреді" , "Күшті билейді екен расымен" , "Бұл әншінің биі ерекше ғой" , "Ешкім билей алмайды бұл кісі сияқты" , "Беріліп кетеді биге" , "Тамаша, мен шақыратын едім тойға" , "Құдалықтарда бишілер керек негізі" , "Абай мырза бұл деген керемет ұсыныс" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқтар Серіков те кенже ұлының туған күнінде бидің түбін түсірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1838761-nrlan-espanov-kdalykta-bidi-tbin-tsirdi-video/

pixel