Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дуров Whatsapp мессенджерінің қауіпті екенін тағы да ескертті

Опубликовано:

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров WhatsApp-ты пайдаланудан туындайтын қауіп туралы айтты. Бұл жайында KAZ.NUR.KZ "РИА Новостиге" сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Осыған дейін БАҚ әлемдегі ең бай адам ретінде танылған Джефф Безостың телефоны WhatsApp-та жіберілген файлдан бұғатталғаны туралы хабарлаған еді.

Осы орайда, Дуров қолданушылар смартфонды ауыстырғанда, бұлт қоймасында деректердің қорғалмайтын сақтық көшірмесін жиі қалдыратынын атап өтті.

Сондай-ақ, Дуров хаттардың құпиясын сақтау үшін қауіп көзі қауіпсіздігіндегі кемшіліктерді анықтайтын, әзірлеушілер әдейі жасаған қосымшалар- бэкдорлар болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, әзірлеушілер мұндай қулыққа құқық қорғау органдарының қысымы арқылы баруы мүмкін. Дуровтың айтуынша, аталған әрекеттер ойда-жоқта анықталған қауіптер деген сылтаумен бүркемеленеді және өткен жылы WhatsApp-та осындай 12 олқылық анықталған.

Бұдан басқа, Дуров WhatsApp сияқты жасырын бастапқы коды бар қосымшаларға сенбеуге кеңес берді.

Айта кетейік, "ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерін құрастырушы Павел Дуров қолданушыларды WhatsApp мессенджерін өшіріп тастауға шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838762-durov-whatsapp-messendzerini-kauipti-ekenin-tagy-da-eskertti/

pixel