RU
Қартайып кеткен Сильвестер Сталлоне жанкүйерлерін алаңдатып қойды (видео)

Қартайып кеткен Сильвестер Сталлоне жанкүйерлерін алаңдатып қойды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әйгілі америкалық актер және режиссер Сильвестер Сталлоне желіде мотивациялық видео жариялады. Кадрдан өнер иесінің қартайып кеткенін аңғарған желі оқырмандары таңданыстарын жасыра алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/officialslystallone

Фото: Instagram/officialslystallone

"Кейде таңертең оянғанда, өзімді ештеңе жасамағандай сезінемін. Мен жай ғана демаламын. Содан кейін ғана өз-өзіме ашуланып, әрекет жасай бастаймын", - деп жазды Сталлоне видеоның мәтінінде.

Актер түсірген роликтен оның әйгілі "Рокки" фильміндегі "Күресуді жалғастыр" атты сүйікті сөз тіркесін естуге болады.

Дегенмен желі қолданушылары 73 жастағы Сталлоненің сыртқы келбетіне баса назар аударған.

Бірі бұны "жаңа образ" деп түсінсе, бірі актердің аяқ асты қартайып кеткенін жеткізген.

Арасында танымал тұлғаның шашын сөз еткендер де табылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қартайған шағында адам танымастай өзгерген голливуд жұлдыздары туралы жазған едік.

Олардың қатарында америкалық модель әрі фотограф Дженис Дикинсон, актер Вэл Килмер, Эдвард Фарлонг, британиялық гитарашы Кит Ричардс, әнші Оззи Осборн, актриса Кирсти Элли бар.

Сонымен қатар актриса Анджелина Джолидің фанаттары оның келбетіне назар аударып, сүйікті актрисаларының біраз салмақ тастағанын байқаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel