Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана LRT-дағы ақша жымқыру бойынша қылмыстық іс аяқталды

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері Астана LRT-дағы ақша жымқыру бойынша қылмыстық істің аяқталғанын мәлімдеді. Шетелде жасырынып жүрген тұлғалар әлі де іздеуде, ал Қазақстандағы күдіктілер іспен танысып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев: Depositphotos

Агенттік хабарлауынша, тергеу соңында осыған дейін есептелген залал өзгеріссіз, 5,7 млрд теңге болып қалды.

Аталған іске қатысты күдіктілер 10-нан көп. Олардың қатарында елорда әкімдігі басқарма басшылары, Астана LRT және мердігерлік ұйымдар жұмысшылары бар.

Әзірге іс бойынша күдікті ретінде танылған әкімдік пен компания қызметкерлері іс материалдарымен танысуда. Ал Интерпол мен шет мемлекет органдары Астана LRT басшысы Арданды, Нұр-Сұлтан әкімінің бұрынғы орынбасары Сұлтанбековті және мердігерлік фирма басшысы Әбдіхамитовты іздеуді жалғастырып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегілер күдіктілердің қайда жасырынғаны туралы жорамал бар екенін айтады. Алайда, тергеу мүддесіне байланысты мемлекеттердің аты хабарланған жоқ.

Істің барлық мән-жайы БАҚ өкілдеріне ашық түрде өтетін сот отырысында белгілі болмақ. Іс танысқаннан кейін сотқа жолданады.

Айта кетейік, осыған дейін елорда билігі LRT жобасына қатысты пікір білдіріп, мемлекеттік сараптама келісім берсе, құрылыстың жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838774-astana-lrt-dagy-aksa-zymkyru-bojynsa-kylmystyk-is-toktatyldy/

pixel