RU
Мақпал Исабекова желідегі кезекті суретімен елді қызықтырып қойды (фото)

Мақпал Исабекова желідегі кезекті суретімен елді қызықтырып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Желі қолданушылары Әнші Мақпал Исабекова жүрегінің жартысын тапты деп болжауда. Бұған 35 жастағы әншінің жариялаған соңғы суреті себеп болған. Онда өнер иесі белгісіз адамның қолынан ұстап тұр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/makosyai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/makosyai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мақпал Исабекова Instagram парақшасына кезекті суретін салып, оқырмандарын қызықтырып қойды.

Желі қолданушылары өнер иесінің қолынан ұстап тұрған жанның кім екенін білу мақсатында бірден әнші сұрақтың астына алып, түрлі піклерін жазған.

Суретке қарап көпшілік осылайша Мақпал Исабекеова енді жалғыз емес екенін көрсеткісі келген деп топшылаған.

"Қасыңыздағы адам кім болды екен?" , "Жігіттің қолы сияқты" , "Мақпал сүйіктісін кезіктірген сияқты қуаныштымын" , "Шынымен бақытты бол, сен ғашығыңды ұзақ күттің ғой" , "Тұрмысқа шығып жатырсың ба?" , "Жүрегінің жартысын кезіктірдің-ау ақыры" , "Ханзадаңды қашан көрсетесің?" , "Тек қолын ғана емес, келбетін де салсаңызшы" , - деп жазған желі қолданушылары.

Айта кетейік, Мақпал Исабекованың желіге жұмбақ жазбалар салып, оқырмандарын қызықтыруы алғаш рет емес. Әнші бұған дейін де сүйіктісі бар екенін тұспалдап жеткізген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel