Выйти
RU

Қазақстанда ақпан айынан бастап қандай өзгерістер болмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан халқын ақпан айында бірнеше өзгерістер күтіп тұр. Олардың қатарында балаларға арналған әлеуметтік пакет, шетелдік көліктерді тіркеу, коронавирусқа байланысты қабылданған шұғыл шаралар бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Коронавирусқа байланысты Қытаймен жолаушылар тасымалының барлық түрі тоқтатылады

Қазақстан үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешімімен, 1 ақпаннан бастап екі ел арасындағы пойызбен жолаушылар тасымалдау, 3 ақпаннан бастап Қазақстан-Қытай бағытындағы әуе қатынасы да тоқтайды.

Қорғас шекара маңы бекеті 15 ақпанға дейін жабық болады

Қытайлаықтардың Жаңа жыл мерекесіне орай 22 қаңтардан бастап "Қорғас" шекара маңы бекеті жабылған. Ол 2 ақпанда ашылуы тиіс еді. Алайда қауіпті вирустың салдарынан 15 ақпанға дейін жабық болмақ.

Ақша айырбастау нүктелеріндегі жаңа жұмыс режимі

1 ақпаннан бастап Қазақстандағы айырбастау нүктелері жаңа жұмыс режиміне көшеді. Яғни, 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл өзгерістер әуежайлар, темір жол вокзалдары және мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттеріне қатысты емес. Ол жерлердегі айырбастау пункттері тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді.

Ал ірі сауда орталықтарындағы айырбастау пункттері 22.00-ге дейін ашық болады.

ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктерді тіркеу

2020 жылдың 1 ақпанынан бастап қырғыз, армян көліктерін уақытша тіркеу басталады. Уақытша тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды болмақ. Жүргізушілер сырттан кіргізген көліктерін тіркеу үшін баж салығын төлеулері керек.

Балаларға арналған жаңа әлеуметтік пакет

Осы жылдың ақпанынан бастап атаулы әлеуеметтік көмек алатын қазақстандық отбасының балалары жаңа әлеуметтік пакет ала алады.

Бірінші сынып оқушылары демалысқа шығады

Қазақстандық бірінші сынып оқушылары 3-9 ақпан аралығында қосымша демалысқа шығады.

Айта кетсек, бұған дейін ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Серік Түсіпов армян және қырғыз автокөліктерінің иелері бюджетке төлеуі тиіс баж салығының мөлшері туралы айтып берген еді.

Түсіповтың сөзінше, жүргізушілер бастапқы тіркеу жарнасы үшін 600 мың теңгеден бастап миллионнан сәл көбірек төлейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда ақпан айынан бастап қандай өзгерістер болмақ