RU
Жемқорлыққа қарсы қызмет Бақауовтың ісі жайлы: "Жымқыру" бойынша сұрақ болды

Жемқорлыққа қарсы қызмет Бақауовтың ісі жайлы: "Жымқыру" бойынша сұрақ болды

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ісіне қатысты пікір білдірді. Ведомствоның экс-шенеунікке "жымқыру" бойынша сұрақ қойылғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/bbakauov

Фото: instagram.com/bbakauov

Бұған дейін Болат Бақауовтың ісімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе айналысып жатқаны белгілі болған.

Ведомство істі егжей-тегжейлі хабарламағанымен, экс-әкімге "жымқыру" бойынша сұрақ қойылғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ол екі ай мерзімге қамауға алынған.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Болат Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Сонымен қатар, сотта 2016 жылдан бері өңірге басшылық етіп келген Бақауовтың не үшін күдіктеліп жатқаны айтылды.

21 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Павлодар облыстық сотында өңірдің бұрынғы басшысы Болат Бақауовтың қорғаушылары тарапынан бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініші қаралған. Дегенмен сот өтінішті қанағаттандырмаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel