RU
Наурызда "Nur Otan" саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтпек

Наурызда "Nur Otan" саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтпек

Рассказать Вконтакте

Наурыз айында Елбасының қатысуымен "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтпек. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Наурызда "Nur Otan" саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

Фото: KAZ.NUR.KZ

Байбектің сөзінше, "Nur Otan" партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді.

"Партия тұрақты негізде жұртшылықты қатыстыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесін өз алаңдарында жариялы түрде талқылайды. Биыл наурызда Елбасының қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіледі.
Қаралатын мәселелердің бірі – партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы және партияішілік тәртіпті сақтау жайы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның бірінші кезеңінің жүзеге асырылу қорытындысы шығарылады. Биыл біз партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының 2025 жылға дейінгі екінші кезеңін іске асыруды бастаймыз", - деді Бауыржан Байбек.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізген.

Жалпы, Елбасы отырыс барысында негізгі үш мәселені қарастырған еді.

Олар: Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы және съездер шешімдерінің орындалуы туралы; партиялық қайта жүктеудің негізгі бағыттары туралы; Саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізу туралы болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel