Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

230 мың тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуге тендер жарияланды

Опубликовано:

ӨКМ Операторы Қазақстанда автокомпонент және қаптама қалдықтарын жинау, қайта өңдеу сондай-ақ залалсыздандыру бойынша Mp.kz электронды сауда алаңында тендер жариялады. Аталған қызметке ӨКМ Операторы 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөліп отыр.

230 мың тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуге тендер жарияланды

Тендер 232 мың тоннадан астам қалдықты жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша ойнатылады. Оның ішінде 35 мың тонна тозған шинаға, 40 мың тонна пайдаланылған майға, 20 мың тонна ескі аккумулятор батареяларына, 7 мың тонна антифриз қалдығына, сондай-ақ 130 мың тоннадан астам қаптама қалдықтарын қайта өңдеу қарастырылып отыр. Тендерге қатысуға тапсырыс 2020 жылдың 10 ақпанына дейін қабылданады. Қорытынды ақпан айының соңында жарияланады.

2020 жылдан бастап ӨКМ Операторы қалдықтарды жинауға, қайта өңдеге және компанияның әкімшілік шығындары бойынша қызметтерді сатып алуды электронды сауда алаңында өткізуге ауыстырды.

Жаңа жүйені енгізу компанияның сатып алу қызметін жоспарлы цифрландырумен, өткізілетін тендерлердің ашықтығын арттырумен, сондай-ақ жаңа орындаушыларды тарту қажеттілігіне байланысты жүргізіліп отыр.

ӨКМ Операторы өткізетін сатып алу лоттары Mp.kz электронды сауда алаңында ұсынылатын болады. Осы жүйедегі сауда-саттық мемлекеттік сатып алу порталындағы сияқты жүргізіледі.

Қалдықтарды жинаушы, қайта өңдеуші және кәдеге жаратушы ұйымдар ӨКМ Операторының электронды сауда алаңында ұсынылған сатып алуларына тегін қатыса алады. Электронды сауда-саттықтың жеңімпазы автоматтандырылған жүйе арқылы анықталатын болады.

ӨКМ Операторы қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша келесі электронды тендерді 2020 жылдың ақпан айының соңында жариялауды жоспарлап отыр. Аталған қызметтерді орындаушыларға 2,42 млрд теңге қарастырылған.

Өткен тендерлердің қорытындысы бойынша автокомпоненттер мен қаптамалардың қалдықтарын жинауды және қайта өңдеуді жүзеге асырған мамандандырылған кәсіпорындар ӨКМ Операторынан 11,5 млрд теңге өтемақы төлемдерін алды. Оператордың қолдауымен 2 жылда 120 364 тонна қаптама, оның ішінде 15 060 тонна полимерлі қаптама, 279 тонна металл қаптама, 28 406 тонна шыны қаптама, 76 619 тонна қағаз және картон қаптама жиналып, өңделді.

Жалпы, ӨКМ әрекет еткен кезеңнен бері (2016-2019 жылдар) автокомпоненттерді жинау және кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпорындарда 440 жұмыс орны ашылды. Оператордың қаржылай қолдауымен 10 өңірде және Нұр-Сұлтан қаласында қалдықтарды бөлек жинау үшін 12 196 контейнер, 8 өңірде 147 қабылдау бекеттері орнатылды, 28 арнайы автокөлік сатып алынды. Сондай-ақ 11 өңірде сынапты шамдар мен батареяларға арналған 2 321 контейнер орнатылды.

ӨКМ Операторының қызметін дамытудың стратегиялық бағыты қалдықтарды кешенді басқару жүйесін құру, қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту, сондай-ақ оларды қайталама шикізат және энергия көзі ретінде пайдалану.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1838809-230-my-tonnadan-astam-kaldykty-kajta-deuge-tender-zarialandy/

pixel