RU
Жанарбек Бақтыбаев Маңғыстау полициясына басшы болып тағайындалды

Жанарбек Бақтыбаев Маңғыстау полициясына басшы болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау полициясына Жанарбек Бақтыбаев басшы болып тағайындалды. Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров Бақтыбаевты әріптестеріне таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жанарбек Бактыбаев. Фото с сайта time.kz

Жанарбек Бақтыбаев. Фото: time.kz

ІІМ-нің хабарлауынша, ПД жаңа бастығының кандидатурасы Президент әкімшілігі және өңірлік әкіммен келісілген.

Бүгін департамент жетекшісі әріптестерімен ресми танысты.

  • Жанарбек Бақтыбаев 1963 жылы дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1983 жылдан бастап жұмыс істей бастаған.

Оның кәсіби қызметте айтарлықтай тәжірибесі бар екендігі айтылды.

Бақтыбаев ішкі істер министрлігінің орталық аппараты мен полиция департаменттерінде жоғары лауазымдарда болып, ШҚО, Павлодар және Қызылорда облыстарында еңбек еткен.

бастык

Фото: ІІМ

Айта кетсек, Жанарбек Бақтыбаев екі күн бұрын Алматы полициясының басшысы атанған Қанат Таймерденовтың орнына жайғасқан.

Еске сала кетсек, полиция департаменттерінде кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Алматы облысының ПД басшысы Мұрат Үрімханов қызметінен босатылып, орнына бұған дейін Алматыдағы ПД-ны басқарған Серік Күдебаев келген.

Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel