RU
Италияда қытайлық әйел коронавируспен күдікке ілінді: 7 мың адам кемеде қалып қойды

Италияда қытайлық әйел коронавируспен күдікке ілінді: 7 мың адам кемеде қалып қойды

Рассказать Вконтакте

Экипаж мүшелері мен жолаушылары коронавирусқа тексерістен өткен "Коста Смеральда" круизді кемесі жұма күні кешке жүзуді қайта жалғастырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ италиялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

"Коста Смеральда" круизді кемесі. Фото: Alessia Pierdomenico/Bloomberg via Getty Images

"Коста Смеральда" круизді кемесі. Фото: Alessia Pierdomenico/Bloomberg via Getty Images

Кеме Чивитавеккья портында тоқтауына байланысты Специяға кіруден бас тартады.

Хабарланғандай, лайнер Чивитавеккья портынан жұма күні жергілікті уақыт бойынша 18:00- де кетеді және Савонаға бағыт алады.

Осыған дейін Италияда круиздік лайнер бортындағы 7 мың адам жағалауға шыға алмайтыны хабарланған.

Оған себеп, макаолық жолаушыдан вирустық инфекция белгілері анықталғаны еді. Бірақ, сараптама нәтижелері әйелдің коронавирус жұқтырғанын растаған жоқ.

54 жастағы қытайлық әйел мен оның күйеуі Жерорта теңізімен круиз жасаған және қазір Римге жақын Чивитавеккья портында тұрған "Коста Смеральда" кемесінің бортында уақытша оқшауландырылды.

Жергілікті билік жолаушылар мен экипаж мүшелеріне лайнерден шығуға тыйым салды. Бортта 6 мың жолаушы мен 1000-ға жуық экипаж мүшесі бар.

1,5 мыңға жуық адам кемеден Чивитавеккьяға түсу керек еді, ал бортқа мыңға жуық жаңа турист көтерілуі тиіс болған. Түнде олар қонақ үйлерде орналасады.

Бейсенбі күні кешке Costa Crociere круиздік компаниясы жүзудің жұма күніне дейін шегерілгенін мәлімдеді.

Жолаушылардың бірі Анса агенттігіне кемедегі жағдайдың қиын екенін мәлімдеді.

"Бізде ешқандай ақпарат жоқ. Интернет жұмыс істемейді, теледидарда тек жарнама. Ал біз жаңалықтан хабардар болғымыз келеді", - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 38 адам ауруханада жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel