Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқаштық сатушы дүкенге шабуылдаған қарақшыға қарсы тұрды (видео)

Опубликовано:

Балқаштағы дүкендердің бірінде ер адам шабуыл жасаған. Ол сатушыдан кассадағы барлық ақшаны беруді талап етіпті. Дегенмен сатушы еш қорықпастан, ер адамға қарсы тұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балқашта сатушы дүкенге шабуылдаған қарақшыға қарсы тұрды (видео)
Видеодан кадр: Twitter

Оқиға Балқаштағы азық-түлік дүкенінде болған. Бейнежазбада көрсетілгендей, ер адам сатушыдан темекі сұраған кейіп танытады. Ол қарақшылық жасау үшін ыңғайлы уақытты күткен сыңайлы. Ер адамның бетінде бетперде болған.

Әйел қорап темекіні үстелге қойып, бағасын айтқан сәтте, ол кассадағы барлық ақшаны талап етеді.

Өз сөзіне сендіру үшін қылмыскер пышаққа ұқсас затты алған. Сатушы айқай шығарып, полицияға хабар беру үшін телефонына ұмтылады.

Осы кезде қарақшы үстелден секіріп, кассаны ақтара бастаған. Сатушы жұмыс орнына келіп, оны телефонмен ұрған.

Содан соң қылмыскерді қатты күшпен итеріп, ер адам еденге құлаған. Қарақшы орнынан лезде тұрып, ақшаны алып, кетіп қалған. Келтірілген шығын мөлшері әзірге айтылмаған.

Полиция департаменті ұрының қолға түскенін хабарлады.

"Бетперде киген белгісіз адам шабуыл жасады деген 43 жастағы сатушының хабарламасы болды. 34 жастағы күдікті ұсталды. Ол істеген ісін мойындады", - деді өңірлік ПД.

Ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Теміртау әкімдігі маңында бойжеткенге шабуыл жасаған қарақшының іс-әрекеті видеоға түсіп қалған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1838843-balkasta-satusy-dkenge-sabuyldagan-karaksyga-karsy-trdy-video/

pixel