Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағат Мәдиев ШҚО полиция департаментінің басшысы қызметіне келді

Опубликовано:

Сағат Мәдиев Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы қызметіне келді. Бүгін оны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі жеке таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC

Еліміздің бас полициялық ведомствосы хабарлағандай, Шығыс Қазақстан облысындағы полиция басшылығына Сағат Мәдиевтің кандидатурасын мемлекет басшысы әкімшілігі мен облыс әкімі Даниал Ахметов қолдаған.

Жаңа басшының лауазымы - полиция полковнигі.

Мәдиев бұл қызметте қазір Маңғыстау облысы полиция департаментін басқаратын Жанарбек Бақтыбаевты алмастырды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығын таныстыру үшін Ішкі істер министрінің өзі келді. Шарада өңір әкімі Даниал Ахметов те бой көрсетті.

Министрлік жаңа басшының 1969 жылы туғанын хабарлады.

Ол құқық қорғау органдарындағы мансап жолын 1990 жылы бастап, полицияның жоғары лауазымдарында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен. БҚО, Қызылорда және Ақмола облыстарында жұмыс істеген.

Осыған дейін Қазақстан Ішкі істер министрлігінде криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетсек, Маңғыстау полициясына Жанарбек Бақтыбаев басшы болып тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838862-sagat-mdiev-sko-policia-departamentini-bassysy-kyzmetine-keldi/

pixel