Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шанхай бос тұр, маска жоқ": Қазақстандық жігіт Қытайдағы жағдайды айтты

Опубликовано:

Қазақстандық Дамир Қадыров Қытайдың Шанхай қаласында жұмыс істеп, сонда тұрады. Ол елде тараған қауіпті вирустан кейінгі қаланың келбетін көрсететін видео түсірген. Сондай-ақ, Дамир NUR.KZ-ке сұхбат беріп, жергілікті биліктің тұрғындарды қалай қорғап жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дамир Қадыров. Видеодан кадр
Дамир Қадыров. Видеодан кадр: UGC

Қазақстандық азаматтың сөзінше, көршілес ел вирустың таралуының алдын алу мақсатында қоғамдық орындардағы қозғалысты азайту үшін барлық шараларды қолдануда.

"27 қаңтардан бастап жұмысшылардың мерекелік демалысын 10 ақпанға дейін ұзарту туралы үкім шығарылды. Бұл көлік, коммуналдық қызметтер және өмірлік ресурстармен қамтамасыз етудің маңызды міндеттерін атқаратын басқа да арнайы қызметкерлерге қатысты емес.

Оқушылардың демалысы 17 ақпанға дейін ұзартылған. Сондай-ақ, адамдар серуендеу үшін кіретін Шанхайдың барлық қоғамдық саябақтары кеше жабылды.

Менің ойымша, үкіметтің дұрыс қабылдаған шараларының арқасында қаладағы қозғалыс айтарлықтай төмендеді.

Адамдар көшеге негізінен супермаркеттен азық-түлік немесе дәріханадан дәрі алу үшін шығады. Десе де көпшілік ғаламтор арқылы жеткізу қызметін пайдаланғанды құп көреді.

Дүкендер мен дәріханалар қалыпты режимде жұмыс істеуде", - дейді жігіт.

Бірер күн бұрын Дамир қаладағы жағдайды бақыламақ болып, бірнеше аудандарды жаяу аралаған.

Алған әсерін видеоға түсірген ол роликті "Коронавирус. Шанхай бос. Маскалар жоқ. Қаладағы жағдай жайлы бірінші адамнан. 2020 жылдың 29 қаңтары" деп атаған.

Оның айтуынша, қаладағы адамдардың 90 пайызы қорғаныш маскаларын киген. Алайда оны киюді құп көрмейтіндер де бар екен.

"Бетперделердің бағасы шарықтап кетті, оларды тез сатып алып жатыр. Сол себепті кезекке тұру керек, әйтпесе жетпей қалуы мүмкін. Алайда бетперде кимей-ақ, көшелерде еркін қыдырып жүргендер де бар, бірақ аз.

Қытайда қазір бәрі күту мен белгісіздік сатысына түскен. Осында болып, өлімге әкелетін ауру жұқтыруың мүмкін екенін біле тұра, әрине мазасыздық сезінесің.

Алайда біз Қытай билігінің аталмыш мәселені шешу үшін қаншалықты дұрыс әрі лайықты әрекет етіп жатқанын көріп отырмыз.
Оның үстіне бәрі де қауіпсіздік және вирустан қорғану шараларымен таныс. Сол себепті бәрі сауатты ойластырылғандықтан, уақытша жағдайға сабырмен қарай бастайсың", - деді Дамир.

Біздің отандасымыз барша жұртты дүрлігіп, байбалам салмауға шақырды.

"Егер шынымды айтсам, әсіресе ТМД елдері аумағында жарияланып жатқан жаңалықтарды көрсең қорқынышты болады. Барлық жерде қорқынышты сандар мен егжей-тегжейін жазатындықтан, біртүрлі боласың.

Халықты қорқынышта ұстап, бәрін асыра сілтеу біреуге тиімді сияқты әсер пайда болады.

Ең бастысы - байбалам салмай, коронавирусқа байланысты қарбалас жақында аман-есен аяқталатынына сену керек деп санаймын", - деп қорытындылады ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің жұқпалы аурулар дәрігері Динагүл Баешева вирус жұқтырмаудың бес ережесін айтып берген еді. Олардың ішінде майлыққа не иығыңа түшкіруі, етті жақсылап қайнатып жеу сияқты қағидалар бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1838872-sanhaj-bos-tr-maska-zok-kazakstandyk-zigit-kytajdagy-zagdajdy-ajtty/

pixel