RU
"Тоқтатуымыз керек": Аймағамбетов күн тәртібіндегі мәселеге нүкте қойды

"Тоқтатуымыз керек": Аймағамбетов күн тәртібіндегі мәселеге нүкте қойды

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрлігі балабақшаларды жекеменшікке немесе сенімгерлікке беруге қарсы. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Тоқтатуымыз керек": Аймағамбетов күн тәртібіндегі мәселеге нүкте қойды

Асхат Аймағамбетов. Фото: finance.kz

"Қазіргі уақытта тағы бір жаңа үрдіс қалыптасты. Ол - бүгінгі күні жап-жақсы жұмыс істеп тұрған балабақшаларды жекеменшікке немесе сенімгерлікке беру мәселесі.
Бұл дұрыс үрдіс емес. Егер ол балабақшалар қирап жатса, немесе көп қаржыны қажет етсе, онда түсінуге болады. Ал керісінше, балаларды қабылдап, жақсы режимде жұмыс істеп жатса, неге біз оны жекеменшік компанияларға беруіміз керек?", - деді Аймағамбетов министрліктің кеңейтілген алқасында.

Министр балабақшаларды сенімгерлікке беруді ведомство құптамайтынын жеткізді.

"Сондықтан бұл мәселені біз тоқтатуымыз қажет", - деді ол.

Аймағамбетовтің айтуынша, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі өте төмен.

"Біз ерекше білімді қажет ететін балаларға жағдай жасап отырған жоқпыз. 11 өңірде электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетумен қамтылған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі проблема күйінде қалып отыр. Республика деңгейіндегі көрсеткіші 65% болса, ең төменгі көрсеткіш Қызылордада 45% және Атырауда 47%", - деді министр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов ведомствоның жемқорлыққа қарсы қандай іс атқарғанын айтып, осы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға кіргізу процедурасы қатаңдатылғанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel