Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Опубликовано:

Көршілес орналасқан Ресейде қауіпті коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді. Өлім вирусын жұқтырғандар Забайкалье мен Тюмень облысынан анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Екі адамның қауіпті вирус жұқтырғанын Ресейдің вице-премьері Татьяна Голикова хабарлады. Мұндай ақпаратты Mash telegram арнасы жариялаған.

Арнаның дерегінше, екеуі де Қытай азаматтары.

Олар вирусты Қытайдан ала келулері мүмкін. Өйткені екеуі бірнеше күн бұрын аспан асты елінде болған. Науқастардың жағдай тұрақты, дене қызулары жоқ деп жазады Life Shot telegram арнасы.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 9 800 адамға жеткен. Қауіпті вирус ғаламның 23 елінен анықталған.

Еске сала кетсек, бүгін 213 адамның жаңа вирустың құрбанына айналғаны белгілі болды.

Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай комитетінің отырысында ҚХР аумағында тараған кісі өліміне әкеп соғатын жаңа вирус халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жарияланды.

РИА Новости-тың жазуынша, ұйым басшылығы коронавирустың кең таралып жатқанына қарамастан, Қытай билігі індетті тоқтата алады деп сенім артып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1838880-resejde-eki-adamny-koronavirus-zktyrgany-anyktaldy/

pixel