Выйти
RU

Талдықорғанда 17 жастағы қыз сабақта терезеден секіріп, көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Арнайы орта білім мекемесінде оқитын 17 жастағы қыз сабақ кезінде терезеден секіріп, ажал құшты. Қайғылы жағдай 31 қаңтарда Алматы облысында болған. Облыстық полиция істің мән-жайын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Құқық қорғау органдары кәмелет жасына толмаған қыздың терезеден секіріп, қайтыс болғанын растады.

Облыстық полицияның дерегінше, марқұм қайғылы оқиға орын алған Талдықорған гуманитарлық колледжінде оқыған.

Қыздың сабақ кезінде өз-өзіне қол салғаны айтылды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, кәмелет жасына толмаған қыз терезеден секірген.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем көлігі қызды ауруханаға алып кетіпті. Алайда ол есін жимастан қайтыс болған.

Полиция 102 бап "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бойынша тергеу жүргізуде.

Қазір полицейлер қайғылы жағдайдың куәсі болған куәгерлер мен колледж студенттерінен жауап алуда.

Студентті мұндай қадамға не итермелегені әзірге белгісіз. Істі облыстық полиция тікелей бақылауда ұстайтыны айтылды.

Еске сала кетсек, Петропавлда 24 жастағы жас жігіт бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кеткен еді. Жігіт жедел ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Талдықорғанда 17 жастағы қыз сабақта терезеден секіріп, көз жұмды