RU
Біртанов Қытайда қанша отандасымыз жүргенін айтты

Біртанов Қытайда қанша отандасымыз жүргенін айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус өршіген Қытайда қазіргі таңда 10 мың қазақстандық жүргенін мәлімдеді деп деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы министр баспасөз маслихатында мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Қытайда жүрген азаматтарымыз көп-ақ. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 10 мыңнан астам отандасымыз Қытайда жүр. Қазақстан азаматтары, әрине, елге оралуы керек. Біз әуе сапарларын шектемейміз, олар қайтып келіп жатыр. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда Қытайдың басқа аймақтарынан азаматтарды эвакуациялау үшін Үкімет қазіргі уақытта чартерлік рейстерді қолдана отырып, оларды елге әкелуді қарастыруда. Қазақстан азаматтарының ҚХР-дың басқа қалаларынан оралуына ешқандай шектеу жоқ", - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Уханьнан келген студенттердің екі аптаға оқшауланатынын айтқан.

Қазіргі уақытта Қытай тарапымен 61 адамды эвакуациялау туралы келісім жасалған. Олардың бәрі Ухань қаласында оқитын қазақстандық студенттер.

Сондай-ақ, вице-премьер Бердібек Сапарбаев Қытайдан эвакуацияланған Қазақстан азаматы өздерімен вирус әкелмеуі және оны отандастарына жұқтырмауы үшін үкімет қандай шаралар қолданатынын айтып берген.

Вице-премьер қазақстандықтарды сабырға шақырып, көрші елден келгендердің карантинде болатынын айтты. Оларға келген соң екі апта сол жерде болатын жеке медициналық мекеме дайындалған.

Сапарбаевтың айтуынша, студенттерді ақ халаттылар бақылауға алады. Егер екі апта ішінде ешқандай ауру белгілері байқалмаса, онда олар тиісті анализ тапсырған соң шығарылады.

Егер ауру белгілері анықталса, онда емдеу мекемесінде сауыққанша қалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel