Выйти
RU

Короновирус: Елімізде медициналық маска жеткілікті ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда медициналық маскаға қатысты ахуал жайлы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Маска қажеттілігі бар. Десе де, бізде қауіп жоқ. Алайда сұраныс бар, өкінішке қарай, көңілде алаң басым. Маска жаппай сатып алынғаннан кейін тапшылық тудырады. Жалпы, отандық өндірушілердің Қазақстанда шығарып отырған маскасы жеткілікті.
Бізде жыл сайынғы тұтыну көлемінен екі есе көп мөлшерде маска бар. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда біз басқа елдерден маска әкелу жөнінде келіссөз жүргізудеміз. Біз бүкіл халықты қажетті маскамен қамтамасыз етеміз", - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Уханьнан келген студенттердің екі аптаға оқшауланатынын айтқан.

Қазіргі уақытта Қытай тарапымен 61 адамды эвакуациялау туралы келісім жасалған. Олардың бәрі Ухань қаласында оқитын қазақстандық студенттер.

Сондай-ақ, вице-премьер Бердібек Сапарбаев Қытайдан эвакуацияланған Қазақстан азаматы өздерімен вирус әкелмеуі және оны отандастарына жұқтырмауы үшін үкімет қандай шаралар қолданатынын айтып берген.

Вице-премьер қазақстандықтарды сабырға шақырып, көрші елден келгендердің карантинде болатынын айтты. Оларға келген соң екі апта сол жерде болатын жеке медициналық мекеме дайындалған.

Сапарбаевтың айтуынша, студенттерді ақ халаттылар бақылауға алады. Егер екі апта ішінде ешқандай ауру белгілері байқалмаса, онда олар тиісті анализ тапсырған соң шығарылады.

Егер ауру белгілері анықталса, онда емдеу мекемесінде сауыққанша қалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Короновирус: Елімізде медициналық маска жеткілікті ме