Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдағы қауіпті вирустан көз жұмғандар саны 258 адамға жетті

Опубликовано:

Өткен тәулікте қытайлық вирустан көз жұмғандар саны тағы қырық бес адамға көбейді. Ал індет жұқтырғандар он бір мыңнан асып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қытайдағы қауіпті вирустан көз жұмғандар саны 258 адамға жетті
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Өткен 24 сағаттың ішінде коронавирустан қаза тапқандар саны бірден өскен деп жазады The Mirror. Вирусты жұқтырғандар саны да едәуір артып, қазіргі уақытта олардың саны он бір мыңнан асқан.

Күні кеше таңертеңгі ресми ақпаратқа сәйкес, 213 адамның қайтыс болғаны хабарланған. Осылайша, жалпы алғанда қауіпті коронавирустың салдарынан 258 адам көз жұмды.

Еске сала кетсек, бұған дейін өлім вирусы Швециядан да анықталды.

Науқас әйел вирус өршіген Қытайдың Ухан қаласында сапармен болған. Ол үйіне 24 қаңтар күні оралған. Жөтел мазалаған. Швеция мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, оның сырқаты ауыр емес.

Сондай-ақ, күні кеше көршілес орналасқан Ресейден де екі адамның вирус жұқтырғаны белгілі болған.

Коронавирус жұқтырған екі адам да Қытай азаматтары.

Олар вирусты Қытайдан ала келулері мүмкін. Өйткені екеуі бірнеше күн бұрын аспан асты елінде болған. Науқастардың жағдай тұрақты, дене қызулары жоқ деп жазады Life Shot telegram арнасы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1838915-kytajdagy-kauipti-virustan-kz-zmgandar-sany-258-adamga-zetti/

pixel