Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енем шашымнан сүйреді: Жас келін ақшаны уысында ұстайтын енесіне шағымданды

Опубликовано:

25 жастағы үш қыздың анасы жолдасының тапқан табысын енесі ұстайтынын айтып шағымданды. Келіншектің сөзінше, ақша үшін енесі шашынан сүйреген деп жазады KAZ.NUR.KZ Алаш айнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"Менің жасым 25-те, үш қызым бар. Аллаға шүкір. Мендегі мəселе ене ғой сол баяғы. Біздің тату-тәтті тұрып жатқанымызды көре алмайды. Үнемі отбасымызға араласып отырады, бөлек тұрсақ та, келіп холодильникті ашып қарап, ішкен-жегеніңді санап отырады.  Жолдасым мамасының айтқанынан шыға алмайды, оған қарсы шыққан емес. Мен де сөйлемеймін. ⠀ Күйеуім өз бала-шағасын асыраудың орнына үнемі тапқан табысын анасына беріп қояды. Жақсы жұмыс істейді, айлығы да жақсы, бірақ өзімізге мүлде жаратқан емеспіз, енем алып қояды да қыздарына беріп жібереді, не жаратып тастайды.

Соңғы оқиғадан кейін мүлде көңілім қалды, қазір ата-анамның үйіндемін үш ай болды. Кетпес те едім, қайын апамыз ажырасқан, ақша сұрап келген, мен соған ренжіп едім, енем келіп шашымнан сүйреп, ұрып кетті", - деп жан сырын ақтарды келіншек.

Еске сала кетсек, күні кеше тұрмыстағы келіншек төсек қатынасына түсуге ерінетін күйеуіне шағымданған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838920-enem-sasymnan-sjredi-zas-kelin-aksany-uysynda-stajtyn-enesine-sagymdandy/

pixel