Выйти
RU

Ресей аспан асты елінен өз азаматтарын эвакуациялауды бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей Федерациясының билігі өз азаматтарын Қытайдан эвакуациялау үшін үш өткізу пунктін ашты. Болжам бойынша, бүгін жүзден астам ресейлік отанына оралады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресей аспан асты елінен өз азаматтарын эвакуациялауды бастады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қытайдан ресейлік азаматтарды эвакуациялау бүгін басталған деп хабарлайды Mash Telegram арнасы.

Осы мақсатта Приморский аймағында үш өткізу пункті ашылған. Бүгін көрші елге жүзден астам ресейлік қайтарылады деп күтілуде.

Оларды медицина мамандары арнайы тексереді. Одан бөлек олардың әрқайсынан зерттеу үшін сынама алынады.

Еске сала кетсек, кеше Ресейдің Забайкалье мен Тюмень облысынан екі адамның қауіпті вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың екеуі де Қытай азаматтары.

Айта кетсек, Қазақстан билігі кеше Қазақстан азаматтарын Қытайдан аптаның соңына дейін шығарып бітетінін хабарлаған.

Елжан Біртановтың сөзінше, оларды елден арнайы рейсті ұшақтардың көмегімен шығарады. Өйткені екі ел арасындағы темір жол және әуе қатынасы уақытша тоқтатылған.

Біртановтың айтуынша, адамдар апта соңына дейін Қытай аумағынан шығарылып болады.

Бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Уханьнан келген студенттердің екі аптаға оқшауланатынын айтқан.

Қазіргі уақытта Қытай тарапымен 61 адамды эвакуациялау туралы келісім жасалған. Олардың бәрі Ухань қаласында оқитын қазақстандық студенттер.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресей аспан асты елінен өз азаматтарын эвакуациялауды бастады