Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстаннан зымыран қалдықтары табылды (фото)

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік шекараға жақын жерден шекарашылар зымыранның бір бөлігін тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Батыс Қазақстаннан зымыран қалдықтары табылды (фото)
Фото: Мой Город: UGC

"Мой Город" басылымының жазуынша, зымыран бөліктері Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан үш жақырым жерге алдыңғы күні, 30 қаңтарда құлаған.

Зымыран қалдығы құлаған өңірдің басшысы ақпаратты растады. Алдын ала мәлімет бойынша, шекарашылар жанармай багын тауып алған.

Ресей Федерациясының дәл осы күні оқу-жаттығу өткізгені белгілі. Қазіргі уақытта биліктегілердің болжамы бойынша, шекарашылар одақ әскеріне тиесілі зымыранның бөліктерін тапқан.

Зымыранның жанармай багы құлаған кезде қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір жедел топ жұмыс істеуде. Басылымның жазуынша, қосымша ақпарат кейінірек белгілі болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін осы өңірден әуе бомбасына ұқсас екі снаряд табылды.

Сонымен бірге, Ақтөбе облысында аспаннан белгісіз металл бөлшектің құлағаны хабарланған. Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы мән-жайды және себептерді анықтайтынын мәлім еткен еді.

Сондай-ақ, бірнеше күннен кейін Қорғаныс министрлігі комиссияның алдын-ала қорытындысын жариялады.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, Ақтөбе облысында табылған зымыран сынықтары атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге бағытталған геофизикалық зымыран екені анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838926-batys-kazakstannan-zymyran-kaldyktary-tabyldy-foto/

pixel