RU

Семей әуежайына ақын Абайдың есімі берілді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Семей әуежайына Абай Құнанбаевтың есімі берілді деген ақпарат тарады. Жергілікті атқарушы орган ақпаратты ресми растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

семей

Фото: Instagram / semey_ne_zhanalyk

Әуежайдың жаңа суреті Instagram әлеуметтік желісі арқылы кеңінен тарауда.

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, атауын өзгерту туралы соңғы шешімді республикалық деңгейдегі ономастиялық комиссия қабылдаған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Айта кетсек, жақында ғана әуежай халықаралық дәреже алған.

Сондай-ақ бұған дейін ақынның есімін әуежайға беру туралы ұсынысты ономастикалық комиссия мен облыстық мәслихат депутаттары мақұлдағаны белгілі болған.

Еске сала кетсек, 21 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысқан болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.

«Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты мерекелік концерт «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті.

Концерт бағдарламасына Абайдың барлық музыкалық мұрасы енген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Семей әуежайына ақын Абайдың есімі берілді (фото)
Mailfire view pixel