Выйти
RU

Тоқаев Си Цзиньпинге коронавируске қатысты хат жолдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдап, еліміздің бұл аса ауыр жағдайда гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Nөрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан 8кіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді.  

Сондай-ақ Президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін 8кіметтің қабылдап жатқан іс-шаралар туралы хабарлады.   

Еске сала кетейік, бүгін таңертен коронавирус салдарынан Қытайда бір тәулік ішінде тағы 45 адам қаза тапқаны белгілі болды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қауіпті вирус 258 адамның өмірін қыршынынан қиды.

Қытайда аталмыш вирусты жұқтырып алғандардың саны он бір мыңнан асады.

Еске сала кетсек, бұған дейін өлім вирусы Швециядан да анықталды.

Науқас әйел вирус өршіген Қытайдың Ухан қаласында сапармен болған. Ол үйіне 24 қаңтар күні оралған. Жөтел мазалаған. Швеция мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, оның сырқаты ауыр емес.

Сондай-ақ, күні кеше көршілес орналасқан Ресейден де екі адамның вирус жұқтырғаны белгілі болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Си Цзиньпинге коронавируске қатысты хат жолдады