RU
Алматының барлық ауданында жарық өшіріледі

Алматының барлық ауданында жарық өшіріледі

Рассказать Вконтакте

Алматыда электр энергиясын тасымалдайтын желілерге жөндеу жұмыстары жасалатын болғандықтан, қаланың барлық ауданында жарық өшіріледі деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алматылық энергокешеннің қоғаммен байланыс орталығының сайтында оңтүстік астананың барлық аудандарында уақытша жарық өшірілетіні хабарланды. Оған электр желілеріне алдағы уақытта жасалатын жөндеу жұмыстары себеп болды.

Жөндеу жұмыстары үшінші ақпаннан жетісіне дейін жоспарланып қойылған. Олар таңғы сегізден кешкі сағат беске дейін жүргізілетін болады. Жөндеу жұмыстарының өткізу уақыты ауысуы да әбден мүмкін.

Электр энергисын сөндіру кестесімен мына сілтеме бойынша өтіп, таныссаңыздар болады.

Айта кетейік, өткен жылы 15 маусымда Алматы қаласы бойынша жарық сөніп қалған болатын. Оңтүстік астанының бірқатар аумағы жарықсыз қалған. Жарық көзі 1-1,5 сағаттан кейін қосылып, ал толығымен электр энергиясы сағат кешкі 17:00-де берілген.

Бұл жағдай мегаполис тұрғындары тарапынан түсініспеушілік тудырды. Соған байланысты энергетика министрлігі жарықтың сөніп қалуына қатысты пікір білдірген болатын. Олар жүйенің істен шығу себептерін анықтап, барлық қалпына келтіру жқмыстары басталып кеткенін мәлімдеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel