Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ақша айырбастау нүктелері жұмыс режимін өзгертті

Опубликовано:

Валюта айырбастау пункттері енді бұрыңғыдай тәулік бойы жұмыс істемейді. Бүгіннен бастап, қазақстандықтар ақша айырбастау қажеттілігі туындаса белгіленген уақытқа дейін үлгеруге тиіс болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бүгін, бірінші ақпаннан бастап, мемлекет заңнамасындағы өзгертулерге байланытсы Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінің жұмыс тәртібі өзгерді.

Енді валюта айырбастау пункттері белгіленген уақыт аралығында жұмыс істейтін болады. Қазақстандықтар ақша айырбастауға ниетті болған жағдайда, айырбастау орталықтарына таңғы 9:00 мен кешкі 20:00 аралығында жүгінуге тырысу керек.

Алайда, жұмыс тәртібіндегі бұл өзгеріс әуежай, теміржол вокзалдары, казино мен шекарада көліктерді өткізу пункттеріне қатысты емес.

Айта кету керек, белгіленген уақытқа дейін ақшасын айырбастап үлгермеген қазақстандықтар бұл ісін үлкен сауда орталықтарында жүзеге асыра алады. Ол жерлерде ақша айырбастау пункттеріне түнгі 22:00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандақы ақша айырбастау пункттері жұмыс режимін өзгертетінін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838941-kazakstanda-aksa-ajyrbastau-nkteleri-zmys-rezimin-zgertti/

pixel