RU
Ақтөбе облысында коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан фармкомпания қызметкері ұсталды

Ақтөбе облысында коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан фармкомпания қызметкері ұсталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан фармацевтикалық компанияның қызметкерін құрықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында "Whatsapp"әлеуметтік желісі арқылы жалған ақпарат тарату фактісі анықталды.

Тексеру іс-шараларын жүргізу барысында дауыстық хабарды таратқан әйелдің жеке басы анықтаып, ол фармацевтикалық компанияның 37 жастағы жұмысшысы болып шықты.

Жауап алу барысында ол қасақана жалған ақпаратты тарату фактісін мойындады. Қазір полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігінің сотқа дейінгі тергеуін бастады.

Полиция департаменті қазақстандықтарды жалған мәліметтер таратпай, халықты орынсыз дүрліктірмеуге шақырады. Тәртіп сақшылары шындыққа жанаспайтын мәлімет таратқан азамат міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске сала кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұған дейін, қытайлық ғалымдар жаңа вирустың таралуына тосқауыл бола алатын дәрі ойлап тапқанын жазған болатынбыз. Оның құрамына үш түрлі зат кіретіні белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel