RU

Петропавлда үш жасөспірім мұзды қалашықты қиратып тастады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Петропавлдың құқыққорғау қызметкерлері жергілікті атқарушы органның ғимаратына қарама-қарсы орналасқан мұзды қалашықты тас талқан етіп, қиратып тастаған үш жасөспірімді ұстады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: СҚО ПД

Фото: СҚО ПД

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер мұзды қалашықты қиратып кеткен.

Тәртіп сақшылары бұзақыларға қалашықтың қай жерде орналасқаны мүлде әсер етпеген. Анықталғандай, мұзды қалашық жергілікті әкімдіктің қасында болған. Оған қоса, аталмыш орын көптеген бейнебақылау камералары орнатылған жерде кені белгілі болды.

Сонымен қатар, жасөспірімдерді қастарынан өтіп бара жатып, ескерту жасаған адамдар да тоқтата алмаған.

Нәтижесінде, оларды полиция қызметкерлері ұстап, бөлімшеге алып кетті. Енді бұзақылардың ата-анасын әкімшілік жауапкершілік күтіп тұр. Олар балаларының тірлігі үшін мемлекет қазынасына айыппұл төлеуге міндеттелмек.

Айта кетейік, айыппұл мөлшері он сегіз мың теңгеден көп болады.

Сонымен қатар, бұл іс материалдары кәмелетке толмағандармен айналысатын комиссияға жіберіледі. Қала тұрғындары айыппұлдан бөлек, бұзақылар қиратып тастаған қалашықты қайта қалпына келтіруін талап етуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Петропавлда үш жасөспірім мұзды қалашықты қиратып тастады (фото)
Mailfire view pixel