Выйти
RU

Шетелдік көліктерді тіркеу: Алматыда барлық сұрақтар бойынша call-орталық ашылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шетелдік көліктерді тіркеу: Оңтүстік астана полициясы азаматтардың көлікті есепке енгізу үрдісі жөніндегі сұрақтарына жауап беретін арнайы сall-орталық ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі шетелдік автоларды тіркеу мәселесі мемлекет басшысының аса жіті бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі көлік құралдарын қалай тіркеу керектігін айтып берген болатын.

Шетелдік көліктерді тіркеу: Алматыда барлық сұрақтар бойынша call-орталық ашылды

Шетелдік көліктерді тіркеу: Алматыда барлық сұрақтар бойынша call-орталық ашылды

Полицияның хабарлауынша, сall-орталық апта күндері сағат 9:00-дан кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Алматылықтардың барлық сұрақтарына тиісті әрі пайдалы жауап берілмек.

Полиция департаменті бүгін, бірінші ақпаннан бастап, барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөліктерді тіркеу мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдау жүргізілді.

Шетелдік көліктерді тіркеу: Алматыда барлық сұрақтар бойынша call-орталық ашылды

Шетелдік көліктерді тіркеу: Алматыда барлық сұрақтар бойынша call-орталық ашылды

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда шетелдік автоларды тіркеу қанша тұратынын жазған болатынбыз.Бұл жөнінде Алматы әкімшілік полициясының бастығы Жандос Мұраталиев жауап берген еді.

Әкімшілік полиция бастығының айтуынша, шетелдік авто иелеріне көлікті тіркеу үшін 500-600 мың теңгеден 3-4 млн теңгеге дейін төлеу қажет. Айта кетерлік жайт, елімізде оң рөлді көліктерді тіркеу мүмкін емес, себебі оларға рұқсат жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шетелдік көліктерді тіркеу: Алматыда барлық сұрақтар бойынша call-орталық ашылды