RU

Коронавирус құрбандарының саны 304 адамға жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жаңа коронавирусты жұқтырып алғандардың саны 14 380-ге жетсе, қауіпті инфекциядан 304 адам көз жұмған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Pixabay

Көрнекі фото: Pixabay

Күні кеше қауіпті вирусқа 31 провинциядан 14 380 адам шалдыққаны белгілі болды. Олардың 2110-ның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 304 адам инфекциядан көз жұмса, 328 адам одан айығып емханалардан шы,ып кетті.

Бұл туралы ҚХР-дың денсаулық сақтау мәселелерін қарастыратын мемлекеттік комитетіне сілтеме жасаған РИА Новости басылымы хабарлады.

Бір тәулік ішінде коронавирусты жұқтырып алғандардың саны 2589 адамды құраған. Бұған дейін инфекцияны 11 791 адам жұқтырып, 259-ы қайтыс болды деп мәлімделген болатын. Гонконг қаласында 14, Макаода 7, Тайваньда 10 адам вирусқа тап болды.

Еске сала кетейік, күні кеше таңғы уақытта коронавирус салдарынан Қытайда бір тәулік ішінде тағы 45 адам қаза тапқаны белгілі болды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қауіпті вирус 258 адамның өмірін қыршынынан қиды.

Қытайда аталмыш вирусты жұқтырып алғандардың саны он бір мыңнан асады.

Оған қоса, Алматы әуежайында Қытайдан келген жолаушыларды қалай күтіп алуда екенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус құрбандарының саны 304 адамға жетті
Mailfire view pixel