RU
Алматы әкімдігі жарық сөндірілетіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Алматы әкімдігі жарық сөндірілетіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Рассказать Вконтакте

2020 жылдың бірінші ақпанында Қазақстан оңтүстік астанасының әкімдігі жоспарлы жұмыс кезінде мегаполисте жаппай жарық өшірілетіні жайлы тараған ақпараттардың жалған екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Pixabay

Фото: Pixabay

Электр беру желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Алматы қаласының барлық аудандары электр энергиясынан жаппай ажыратылуы мүмкін деген хабарламалар шындыққа жанаспайтын болып шықты.

Жалған ақпараттың таралуына «Алматыэнергосбыт» ЖШС сайтында орналастырылған кестенің дұрыс түсіндірілмеуі себеп болған. Бұл кестеде қаланың белгілі бір бөлігін электр жарығынан ажыратпай электр беру желісіндегі жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүру мүмкіндігі туралы хабарланған.

Жаппай бір ауданды жарықсыз қалдыру тек үлкен ақау орын алып, немесе желідегі аса маңызды бөлшекті ауыстыру қажет болған жағдайда ғана іске асырылады.

Әкімдік өкілдері мұндай кестелердің бір апта бұрын жариялануы, жөндеу жұмыстары жүргізілгелі жатқан аудан тұрғындардың қолайлылығы үшін жасалғанын алға тартты.

"Үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етіп, жарық беру сапасын жақсарту үшін жүргізілетін мұндай жұмыстар кезінде кейбір объектілер тоқтан уақытша ажыратылады. Бұл тек нақты учаскенің тұтынушыларын электрмен қоректендірудің өзге көзіне ауыстыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана жүзеге асады. Электр желілеріндегі жоспарланған жөндеу жұмыстары сымдарды бөгде заттардан тазартудан, оларды ішінара ауыстырудан және басқа да жұмыстарды қамтиды.
Әдетте мұндай жұмыстарды «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның бригадалары 1,5-2 сағаттың ішінде орындайды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі сайтта апта сайын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орналастырылады. Тұтынушылар электр энергиясына қатысты туындаған барлық сұрақтарына тәулік бойы жұмыс істейтін 356-99-99 және 399-99-00 көпарналы телефон нөмірлеріне хабарласып, біле алады" , - деп жазылған Алматы әкімдігінің ресми сайтында.

Айта кетейік, күні кеше Алматының барлық аудандарында жарық өшірілетіні хабарланған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel