RU
Қытайдан тыс жерде коронавирустан болған алғашқы адам өлімі тіркелді

Қытайдан тыс жерде коронавирустан болған алғашқы адам өлімі тіркелді

Рассказать Вконтакте

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тыс жерде алғаш рет коронавирустан адамның көз жұмғанын хабарлады. Анықталғандай, бұл өзге мемлекетте қайтыс болған бірінші құрбан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Pixabay

Фото: Pixabay

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы қаралы хабарды өзінің Twitter парақшасында хабарлады. Ведомствоның мәлімдеуінше, коронавирустан болған адам өлімі Филиппенде оры алған. Қауіпті вирусты жұқтырып алған 44 жастағы ер азамат еліне Ухань қаласынан ұшып келген.

Хабарламада ер адам коронавирус анықталған екінші адам болған. Ол күні кеше қайтыс болды.

Айта кетейік, күллі елді дүрліктірген коронавирустан қөз жұмғандардың саны 304 адамға жеткен. Оған қоса, 14 380 адам қауіпті вирусты жұқтырып алған. Бұған дейін аталмыш инфекциядан адам өлімі тек Қытай аумағында болған.

Оған қоса, Алматы әуежайында Қытайдан келген жолаушыларды қалай күтіп алуда екенін жазған болатынбыз.

Оңтүстік астанада өңірлік штаб құрылып, аса қауіпті инфекцияны елге кіргізу мен таратуға қатысты ескертулер бойынша профилактикалық шаралардың кешенді жоспары қабылданды. Қытайдан келген рейстердің барлығы бөлек тұраққа тоқтайтын болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel